logo Блог
  • Жаңалықтар
  • Караоке для дома
  • Караоке для бизнеса
  • Подборки
  • Выбрать караоке
Всё о караоке — статьи, советы, подборки песен ВСЁ О КАРАОКЕ

Познавательные статьи и интересные факты о караоке, а также подборки популярных песен караоке различных жанров и направлений

  • Жаңалықтар
  • Караоке для дома
  • Караоке для бизнеса
  • Подборки
  • Выбрать караоке

Шілде айында Жаңа жылға сыйлық ретінде караоке жүйесін таңдаймыз 2020!

  • 04.05.2020
  • Эксперт караоке

Өткен мақалада біз,караокенің ең жақсы сыйлық екенін анықтадық. Ал енді, қымбат адамыңызға Жаңа жылда тосынсый жасау туралы ойлануға, неге жаз – таптырмас уақыт болып табылатыны туралы талқылаймыз. Мерекеге дейін ең азы бес ай қалса да, сыйлыққа қазір тапсырыс берудің кемінде үш себебі бар.                                 

Жақындарымыз үшін уақытты үнемдейміз

Жаңа жыл қарсаңында, әрине, өзінің ерекше сиқыры бар. Таңертеңнен басталатын және кешке аяқталатын – дүкендерді аралау. Ұзақ, күмәнді және алаңдаулы, бірегей сыйлықты таңдау.

Өзің сияқты бақытты адамдармен қажытатын кезекте тұрғаннан кейінгі сыйлықты сатып алудың қуанышы. Үй-ішіне көрсетпей, сыйлықты алып кіруге ыңғайсыз әрекет жасау. Ал түнде, ешкімге білдіртпей ас үйге барып, сыйлықты мерекелік орамаға салу.

Бұл күнді отбасыңызбен өткізу жақсырақ емес пе? Жаңа жылдық атмосфера – бұл, ең алдымен, жақындарыңызбен өткізілген уақыт. Сәнді бутиктердегі кезектер мен аласапыран мұндай бақыт әкелмейді. Мереке алдындағы көңіл-күйдің толығымен бұзылуы әбден мүмкін.

Сыйлыққа алдын ала тапсырыс беріп, сүйікті адамдарға уақытты үнемдеңіз.  Супермаркеттерде итерісуден көрі, қызықты және пайдалы көптеген істер бар. Мысалы, балалармен шыршаны безендіру немесе достарыңызбен караоке-баттл ұйымдастыру.

Ақша үнемдейміз 

Жаңа жыл алдында дүкендерде бағалар айтарлықтай өсетіні құпия емес. Кейбір, қол үшін аса таза емес, сатушылар сатып алушыны «тауар үлкен жеңілдікпен сатылады» деп сендіру үшін баға манипуляциясына барады. Тауар бағасы желтоқсан айында “төмендетілген” болу үшін жасанды түрде қараша айында бағаны көтеретін жағдайлар аз емес. Басқалары, жиі өзі ойлап тапқан соманың және акциялық ұсыныстардың көрінісін жасай отырып бағаны төмендеткен кейіп жасайды.

Егер интернет-дүкенде сыйлыққа тапсырыс берсеңіз, сіздің көңіліңіз қалуы мүмкін. Шамадан тыс жүктелуіне байланысты, жеткізу қызметі мен пошта әрқашан ойдағыдай жұмыс істемейді, және жіберілген заттарды жоғалту – Жаңа жыл алдындағы қалыпты құбылыс. Мереке логистикасындағы қиындықтар мен мәселелер қосылады, өйткені артық жұмыстан көліктің істен шығу қаупі артады.

Интернет-дүкен операторларының қателер саны сайттағы тапсырыстардың санына пропорционал түрде өседі. Ал бірақ, туындаған мәселелерді шешу жылдамдығы айтарлықтай азаяды.

Жарамсыз тауардың өте ұзақ ауыстырылуына дайын болыңыз. Сервистік орталықтар мереке алдында барынша жүктеледі, және қысқа мерзімде көмек көрсете алмайды. Кейде, мүлдем жабық болады. Нәтижесінде сіз тапсырыс берген сыйлықсыз қаласыз, жақын супермаркетке барып, интернет-дүкендерді, қызмет көрсету орталығын, шексіз кезектерді, соңында Жаңа жылды да кінәләй отырып қандай да бір әшекейді сатып аласыз. Дегенмен, сыйлықты қалыпты бағамен, үйге немесе кеңсеге ыңғайлы жеткізу арқылы алдын ала тапсырыс беріп, осындай жағдайды болдырмауға болады.

Жүйке-жүйеңізді сақтаймыз

Мереке қарсаңында сыйлық таңдаудағы басты мәселе – асығыстық. Сізде ойлануға уақыт жоқ, көздеріңіз витринадағы тауарлардың көптігінен қайда қарарын білмейді, ал мерзімдерді қысқара түседі. Ең жақсы жағдайда, сіз жақындарыңыздан оларға не сыйлайтыныңызды сұрап, оларды тосын сыйсыз қалдырасыз, бірақ пайдалы нәрсе аласыз. Ең нашар жағдайда, таяудағы онжылдықтарды өткізу үшін тез арада шкафқа кететін, жалған ыдыстың кезекті қарапайым жиынтығын сатып аласыз.

Сыйлықты алдын-ала жоспарлауға тырысыңыз. Бұл тек ақша немесе уақт үнемдеу мүмкіндігі туралы ғана емес. Бірінші кезекте, сіз өз жүйке-жүйеңізді тозудан сақтайсыз. Тіпті, караоке-жүйесі сияқты сыйлық – ең көп сатып алынатын тауарлардың рейтингін сирек басқаратын болса да, қоймаларда мерекелерге қарай бітіп қалу үрдісі бар. Жаңа жылға дейін үш күн бұрын оны сатып алуды шешсеңіз, сіз ұнаған модельдің жоқтығына тап боласыз. Сонымен қатар, егер Evolution Lite 22019 сияқты сапалы үй жүйелері туралы айтатын болсақ, көбінесе сұраныс ұсыныстан көп.

Алдын ала жоспарланған сыйлық – сәтті Жаңа жылдың кепілі. Уақытыңызды шоппинг пен кезекте тұруға емес, отбасыңыз бен демалысқа жұмсаңыз.

Total
0
Shares
Like 0
Like 0
Эксперт караоке

Знаю о караоке всё. Много лет посвятил изучению этой темы. Дам ценный совет и расскажу много интересного из мира караоке.

алдыңғы мақала

Trade-In-өзіңіздің караоке клубыңызды дамытыңыз 2020!

  • 04.05.2020
  • Эксперт караоке
Читать
келесі мақала

Сырттағы караоке-кеші үшін 7 идеялар ?

  • 08.05.2020
  • Эксперт караоке
Читать
Сізге тағы ұнауы мүмкін
Читать

Аналарға арналған ең үздік 5 сыйлық

  • 17.12.2024
  • Эксперт караоке
Читать

Бүкіл отбасы үшін Караоке: керемет кештің 4 ережесі

  • 26.10.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Хэллоуинге арналған балалар караокесі

  • 14.10.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Караскоп: Зодиак белгілеріне арналған жұлдыз жорамал

  • 09.10.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Караоке және өмірдің жаңа сапасы

  • 07.10.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Ән әуесқойларына арналған 6 қосымша

  • 06.10.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Жаңадан келгендерге караокеде қандай әндерді айтқан дұрыс

  • 05.10.2020
  • Эксперт караоке
Читать

3 күзгі балалар мерекесінің идеялары

  • 02.10.2020
  • Эксперт караоке

Leave a Reply Cancel reply

You must be logged in to post a comment.

  • Жаңалықтар
  • Караоке для дома
  • Караоке для бизнеса
  • Подборки
  • Выбрать караоке

Сөзді енгізіп Enter батырмасын басыңыз