logo Блог
  • Жаңалықтар
  • Караоке для дома
  • Караоке для бизнеса
  • Подборки
  • Выбрать караоке
Всё о караоке — статьи, советы, подборки песен ВСЁ О КАРАОКЕ

Познавательные статьи и интересные факты о караоке, а также подборки популярных песен караоке различных жанров и направлений

  • Жаңалықтар
  • Караоке для дома
  • Караоке для бизнеса
  • Подборки
  • Выбрать караоке

Офисіңізге караоке керектігінің 4 себебі

  • 18.12.2024
  • Эксперт караоке

Офистегі ойын-сауықтар қызметкерлердің үзіліс жасап және демалуына ғана керек емес. Жұмыс орнындағы атмосфера одан да маңыздырақ. Бірге көтеріңкі көңіл-күй кешетін жинақы ұжым, жеңіл және ұқыптырақ жұмыс атқарады. Бұндай ұжым ішінде бір-бірімен тіл табысу ыңғайлы, алға қойылған міндеттер тезірек шешіледі.

Көптеген компаниялар, жұмыс ырғағын көтеру мақсатында, тіпті демалыс бөлмелерін орнатуда. Оның ішінде ойын консолі, пинг-понг, жаттығу құрылғылары, «тәтті бар», орнықты бір сағат қалғып алуға болатын – жұмсақ жиһаз бар. Кейбір компанияларда массаж бөлмелерін де кездестіруге болады.

Көп уақыттан бері офис ойын-сауықтарынын ішінде «караоке» аса танымал болып келеді. Мүмкін әлемде ең бірінші офис ойын-сауықтарының бірі де шығар. Google кампустары әлі проект жүзінде жоқ кезінде, қызметкерлері дем алу үшін жапон корпорациялары өз офис кеңістіктерін караоке-бокстармен жабдықтай бастады.

Офистегі караоке-жүйенің артықшылығы неде?

Демалыс

Көптеген қызметкерлер жұмыс орнында 8-9 сағат болады. Кейбіреулері, әсіресе IT ауықымында жұмыс істейтіндер 11-13 сағаттан отырады. Ол организмге аса ауыр тиеді және жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Егер сіз күні бойы үстел алдында жұмыс атқарсаңыз, жұмыс өнімділігңіз төмендейді. Австралия ұлттық университеті одан бетер, жұмасына 34 сағаттан аса жұмыс істеу – адам денсаулығына тигізетін үлкен қаупі бар деп айтады. Соған байланысты, біздің организм мен миға тынығу аса қажет.

Караоке ойын консоліне қарағанда, демалудың өзгеше сапалы форматын ұсынады. Ән айту, бір жағынан демалыстын белсенді түрімен бірдей болса, басқа жағынан – арнайы дайындықты талап етпейтін және әрқайсысына қол жетімді демалыс түрі. Әркім микрофонды алып ән шырқай алады. Бұл қызықты, пайдалы, шаршағаныңды тез басатын және жұмыс күнінін соңына дейін қалыпқа келтіретін демалыс.

Пайдалы

Ән айтудын пайдасы ерте заманнан белгілі және денсаулықтын қалпын сақтау мақсатында ғана емес, балалар мен жасөспірімдердің мәдени-этникалық құндылықтарын тәрбиелеу мақсатында да қолданылады. Негізінде, ән айту ішкі органдар мен миды отттегімен жабдықтап, қан қысымы мен жүрек соғысының жұмысын реттейді.

Zendesk компаниясынын офисіндегі караоке-үзіліс

Караокеде ән айту кезінде «жан айқайын» шығарып және ызалануды басып алып, стресспен күресуге өте жақсы көмектеседі. Көңіл күйіне қарай ән таңдап шулауға, билеуге болады – жиналып қалған теріс эмоцияларға шешім береді. Түскі уақытқа дейін созылып қалған отырыстан кейін керемет психологиялық жеңілдік береді.

Ұялшандықтын шешімі

Әрбір офисте жаңа қызметкерлердін бейімделуінде тұрған қиындықтар бар шығар. Олар жұмыс бабына көп уақыт бейімделіп, ұжымға қиын тартылып, өз орнын тез таба малмайды. Егер жаңа қызметкерден нәтиже күтілсе, өз ішіндегі бұғауларды шеше алмауына көп кезде ұялшаңдық себеп болуы мүмкін.

Жаңа жұмыскерлерге арналған шулы караоке-сауық кешін неге ұйымдастырмасқа? Бұндай дәстүрлер офис ішінде тез орын алып, «тәжірибелі» жұмыскерлермен жақсы қабылданып, жаңа қызметкерлерге ұялшаңдықпен күресуге көмектеседі.

Корпоративтер

Корпоратив – әрбір компанияның офистік мәденитінің басты бөлігі. Дұрыс демалыс өз ішінде қызметкерлерге шер тарқатып, бір бірімен таныстыру, біріктіру, қоғамдық ұжымдастық сезімін жетілдіру мақсатын көздейді. Әрине, бірігіп орындайтын офистік ойындардын түрлері көп. Мысалы, степлерді тығып қойып, командаларға бөлініп іздеуге болады. Жеңімпазға – офис-менеджер басып шығарған сертификат пен директордың атынан кеңсе тауарларын сыйға тартуға болады.

Келесі жолы корпоративті караокемен өткізіп көріңіз. «Караоке жұлдыздары» титулына бухгалтерия мен сату бөлімдерінің арасында музыкалық жекпе-жек ұйымдастырыңыз. Қызметкерлер шын пейілімен ән айтушылар немесе қолдау көрсетушілер қатарына қосылады. Барлығы өз пейілімен – хатшының ғаламторда тапқан офистік ойындарға міндеттеуге де жеткізбейтін жағдай. Караоке – көтеріңкі көңіл-күй мен ашық-жарқындықтын синонимі.

Офистік демалыс пен тимбилдинг шараларында караоке шын мәнінде ең бірінші орынлы алады. Жұмыс уақытында караоке дем алып және күш жинауға көмектеседі, ал күн соңында қызметкерлердін бейресми жағдайда уақыт өткізуіне себепші. Мүмкін, караокеге үзіліс – сіздің компанияңызға да ең керектінің бірі шығар?

Total
0
Shares
Like 0
Like 0
Эксперт караоке

Знаю о караоке всё. Много лет посвятил изучению этой темы. Дам ценный совет и расскажу много интересного из мира караоке.

алдыңғы мақала

Ағылшын тілін үйрену жолдары

  • 21.05.2019
  • Эксперт караоке
Читать
келесі мақала

Evolution Pro2 караоке жүйесін апатты қалпына келтіруге болады

  • 11.09.2019
  • Эксперт караоке
Читать
Сізге тағы ұнауы мүмкін
Читать

Караоке дегеніміз не?

  • 14.08.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Studio Evolution Караоке жиынтығы – үй мен мекемелерге арналған ең жақсы шешім 2020

  • 04.05.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Trade-In-өзіңіздің караоке клубыңызды дамытыңыз 2020!

  • 04.05.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Караоке клубының иесі үшін EvoClub жүйесінің артықшылықтары?

  • 24.04.2020
  • Эксперт караоке
Читать

EvoClub User-караоке-клубтардың қонақтарына ән іздеу бойынша қосымша 2020

  • 18.12.2024
  • Эксперт караоке
Читать

EvoClub: қағаз каталогын макулатураға тапсырыңыз – ағашты сақтаңыз.

  • 03.03.2020
  • Эксперт караоке
Читать

Evolution Pro2 караоке жүйесін апатты қалпына келтіруге болады

  • 11.09.2019
  • Эксперт караоке
Читать

Клуб/бар/мейрамхана үшін караоке жүйесін таңдаймыз

  • 14.04.2023
  • Эксперт караоке

Leave a Reply Cancel reply

You must be logged in to post a comment.

  • Жаңалықтар
  • Караоке для дома
  • Караоке для бизнеса
  • Подборки
  • Выбрать караоке

Сөзді енгізіп Enter батырмасын басыңыз