Бала үшін көңілді мерекені қалай ұйымдастыруға болатыны ата-аналарға үнемі бас ауруын туғызады. Киноға алып бару қажет пе, әлде кафеде отырған дұрыс па? Өкінішке орай, балалар мерекелерінің көпшілігі осылай өтеді. Бұл, балаға басқа пиццерияда қызықсыз болады дегенді білдірмейді. Бірақ, бәрін әлдеқайда қызықты және пайдалы етуге болады.
Үйдегі караоке балалардың туған күніне немесе сыныптастарына арналған сансыз ойын идеяларының қайнар көзі бола алады. Кішкене қиял мен микрофон, және сіз – ең жарқын және кермет балалар іс-шараларының әлемдегі ең үздік ұйымдастырушысысыз.
Біз сізге, балалардың көңілін керемет көтеретін және келесі Туған күніне дейін есіңізде қалатын 7 Қарапайым караоке ойындарын ұсынамыз.
Өлеңді тап
Үлкен компания үшін қарапайым және көңілді ойын. Алдымен әнші рөлін атқаратын бір қатысушыны таңдау керек. Қалғандары командаларға бөлінеді немесе әрқайсысы өздері үшін ойнай алады.
Қатысушылар титрлерді көрмеу үшін экранға арқасымен отырады. Әнші каталогтағы әндердің бірін таңдап, оны орындайды. Командалардың міндеті – бірінші болып атауын табу.
Сөздерді қайта жаз
Қатысушылар қайтадан екі топқа бөлінеді. Жүргізуші кездейсоқ әр командаға белгілі бір әннен таңдайды және 10 минут ішінде ән сөздерін танымастай етіп қайта жазуды, содан кейін орындауды сұрайды. Ән ең ерекше болып шыққандар жеңеді.
Музыкалық орындықтар
Караоке стиліндегі дәстүрлі және танымал ойын. Үй-жайдың ортасында шеңбер бойынша орындықтар қойылады. Саны, орындықтардан бірге артық қатысушылар караокеде бәріне танымал ән шырқалып жатқан кезде оларды айналып жүгіреді.
Ойынның әдеттегі нұсқасынан, әуен кенеттен тоқтаған кезде орындыққа отырып үлгеру қажет болған кезден айырмашылығы, «музыкалық» орындықтарда әнші әнде бір кездейсоқ сөзді өткізіп жібереді. Ең зейінсіз адам ойыннан шығып, артық орындық алынып тасталады. Ойын тек бір қатысушы қалғанша жалғасады.

Нағыз жұлдыз
Бұл байқау үшін танымал эстрада орындаушыларының костюмдерін алдын-ала жасау немесе оларды жалға алу қажет. Костюмдер жұп болуы керек. Екі қатысушы киініп, кезек-кезек караокеде бір жұлдыздың хитін орындайды.
Көрермендер қатысушылардың қайсысы сенімдірек болғанын анықтайды және оған жеңісті табыстайды. Алайда, мүлдем киінбестен немесе импровизацияланған заттардан жұлдызды имиджге сәйкес келетін нәрсені таңдауға болады.
Істен шыққан караоке-микрофон
Қатысушылар екі командаға бөлініп, кезек-кезек өлең жолдарының сөздерін алмастырып жасырады. Мысалы, «Антошка, Антошка, давай копать картошку» «Олька, Олька, летим польем фасольку»-ға айналады. Қарсыластар композицияны 30 секундта тауып, шырқауы керек. Көп әндерді тапқан команда жеңеді.
Караоке-рулетка
Барлық қонақтардың аттарын қағазға жазып, оларды қалпаққа немесе қалтаға салып, араластырыңыз. Көзіңізді жұмып бір қатысушыны таңдап, оған шырқауға тура келетін караоке каталогындағы кездейсоқ ән нөмірін атаңыз. Аты қалпақта соңғы болып қалатын адам жеңеді.
Соқыр Х-фактор
Бірнеше қатысушыны экранға арқасымен отыруды сұраңыз. Тіпті, олардың көздерін байлап қоюға да болады. Олар байқаудың қазылар алқасы болады. Қалған қонақтар кезек-кезек микрофонға келіп, әндердің кішкене үзінділерін айтады. Олар дауыстарын сәл өзгерткені жөн.
Қазылар алқасы қонақтардың қайсысы ән айтып жатқанын анықтау қажет. Қазылар алқасы таба алмаған адам жеңіске жетеді. Егер қазылар алқасы барлығын тауып алса, онда олар жеңімпаз атанады.
Караоке керемет көңіл көтеруден бөлек ең үздік сыйлық екенін есіңізге саламыз.







