Евровидениеде жеңіске жеткені үшін музыканттарға алғысын көрсету мақсатында, 2009 жылы 80 000 Финн бір уақытта Lordi тобының “Hard Rock Hallelujah” әнін Хельсинки алаңында караокеде ән шырқады. Бүгінгі күнге дейін осындай бір уақытта орындау рекордынан әлі де ешкім асып түсе алмады.
Ал караокеде тағы қандай әндерді айтады? Бүгін біз бүкіл жер шарында қандай әндерді ұнататынын, және қай композиция планета бойынша ең танымал екенін анықтаймыз. Осыны анықтауда бізге караоке-барлардағы әндерді қосу рейтингі мен Studio Evolution ән базасы көмектеседі.
Рюмка водки
Пост кеңестік аймақтағы ең танымал ән Григорий Лепстың “Рюмка водки на столе” болып қала береді. Ол барлық рейтингтерде тұрақты бірінші орынға ие болып келеді. Мысалға, осы композиция Evolution караоке-жүйелерінде 600 000 рет ойнатылған екен.
“Сегодня” басылымының шағын зерттеуі “Арақ Рюмкасын”, сонымен қатар барлық украиндық қалаларда ерлер арасындағы ең орындалатын ән деп те атайды. Бұл әнді өміршеңдігі мен жанға жақындығы үшін бағалайды, және кештің соңына қарай, әдетте, қандағы жанға жақындық дәрежесі едәуір көбейгенде айтады.
Әйелдер арасында ән таңдауда мұндай бірлік жоқ. Бұл жерде Светлана Лобода да, Елена Ваенга да, Виа Гра да, әрине, Ирина – “Шальная Императорица” – Аллегрова да бар. Дегенмен, бұл композициялардың барлығын “өмірлік” санатына жатқызуға болады.
Әртүрлі рейтингтердегі танымал караоке әндерінің бестігі төменде көрсетіліп тұр:
- Рюмка водки – Григорий Лепс
- О, Боже, какой мужчина – Натали
- Младший лейтенант – Ирина Аллегрова
- Там где клен шумит – Синяя Птица
- Колыбельная – Полина Гагарина
Пайдаланылған деректер: https://www.hitlist.ru/, https://vkaraoke.org/, https://vibirai.ru, https://vm.ru және https://vseorechi.ru
Ол Top 5 Evolution-нан сәл ерекшеленеді*:
- Рюмка водки – Григорий Лепс
- Батарейка – Жуки
- Вахтерам – Бумбокс
- Районы-кварталы – Звери
- Кукушка – Полина Гагарина
*деректер мамыр айында 2019 Evolution караоке-жүйелерінде ән ойнату рейтингінен және EvoClub тапсырыстарының тізімі бойынша алынған.
Ресейлік және украиндық рейтингтер арасында, мүлде күтпеген қонақ – ағылшын тіліндегі ән бар қазақ караоке-клубтарының статистикасы ерекше байқалады:
- Перемирие – Виа Гра
- Вахтерам – Бумбокс
- Diamonds – Rihanna
- В клубе – Тимати
- Офицеры – Олег Газманов
Ағылшын тіліндегі әндер жиі орындалмайтыны құпия емес. Оның кінәсі – шет тілдерін нашар білуі. Осылайша, Evolution ойнату тізімінде ең жақын ағылшын тіліндегі ән, алғашқы екі жүздің соңында орын алды. Бұл ирландиялық рок тобының Cranberries-Zombie өшпес хиті.
Бірақ кино мен мультфильмдер саундтректері өздерін жақсы сезінеді. “Не вешать нос, гардемарины”,”Голубой вагон” және “Песня Атоса” кез келген караоке-клубтың репертуарында үнемі жоғары позицияларды алып келеді. Лепс сияқты, Д’артаньянның мәсіхті дауысын есту ықтималдығы ағзадағы “жаншылықтың” дәрежесіне тікелей пропорционал артады.
Осының басқажолмен де түсіндіруге болады. Есть и другое объяснение. Балалық шақтан таныс әндерді караокеде алғаш рет ән айтатындар таңдайтын кездер сирек емес. Тіпті, сіз бірнеше рет естіген және жылы естеліктеріңізбен байланысты композицияларды шырқаудан бастау ұсынылады. Бұл жақсырақ демалуға және өзіңізді микрофонмен сенімді сезінуге көмектеседі.
Ал караоке отаны – Жапонияда караоке жағдайы қандай?
Жапондықтарда кешке демалуға қайда баратыны туралы артық сұрақтары жоқ. Себебі ол үлкен ықтималдықпен караоке болады. Таңдау, ең алдымен, қандай клуб таңдауда болады: кеңсеге жақыны немесе көрші көшедегі жаңасы. Әрине, сонымен қатар қандай ән айтуы. Кейде бұл мәселе де жоқ.
Ask Japanese блогындағы сауалнамада жапондықтар өздерінің караоке-қалауларымен бөлісті, және олардың ішінде ең жаңа поп-хиттер, аниме әндері және классикалық шетелдік композициялар болды. Жапондықтар көпшілік алдында өнер көрсетпей тұрып, ән айтуды барынша шыңдап алу үшін алдын-ала жеке караоке-бокстарға барып жаттығуды ұнатады. Оларды арнайы үй дайындамаларымен келеді деп айтуға болады.
Кейд жапондықтарға негізінен қандай ән айтса да бәрібір деген әсер туып отырады. Тіпті, Алла пугачеваның “Миллион алых роз” әнінің японша “Хяку ман бон но бара” деп естілетін, және басқа да ресейлік және кеңестік хиттердің кавер-нұсқалары да кездеседі.
Matryoshka – Hatsune Miku & Gumi
Репертуардың әртүрлілігі тұрғысынан соңғы 35 жылдағы көшбасшылардың үштігі ерекше көрінеді. Бірінші орында – әнші Hitoto Yo-ның әуенді, камералық дерлік әні Hanamizuki, екінші орында драйвты поп-панк, ал үшінші орында – Evangelion танымал анимесінің саундтрегі.
Жапондық Top5 келесі түрде тұр:
- Hanamizuki – Hitoto Yo
- Chiisana Koi no Uta – MONGOL800
- Zankoku na Tenshi no Thesis – Takahashi Yoko
- Amagi-goe – Sayuri Ishikawa
- Cherry – Spitz
Деректері бойынша: https://www.buzzfeed.com, https://www.sbs.com.au жәнеhttps://www.timeout.com
Жапондықтар мұхиттың арғы бетіндегі эстраданың хиттарында жақсы көреді. Көбінесе караокеде келесі композицияларды таңдайды:
- What Makes You Beautiful – One Direction
- Call Me Maybe – Carly Rae Jepsen
- My Heart Will Go On – Celion Dion
- We Are Never Getting Back Together – Taylor Swift
- Let It Go – Idina Menzel
Оңтүстік Кореяда да осындай жағдай туындап отыр. Корей айдолдарының (idol – кумир, Кореяда танымал жас орындаушылар деп аталады) көптеген шоу-таланттары хит-шерулерде өнер көрсетеді.
Айта кету керек, Кореядағы караоке Жапониядан кем емес. Корейлер тіпті үздіксіз орындау ұзақтығы бойынша рекордқа ие. Ким Сун-Ок 76 сағат бойы ән салды. Ол осы кезеңде 1283 ән орындап үлгерді. Мүмкін, егер қыздың денсаулығына алаңдаушылық тууына байланысты туыстары күшпен микрофонды қолдан шығармаса, көбірек ән айтатын еді.
Кореяда қандай әнді айтуды ұнатады? Қазіргі заманғы музыка, ойын және аниме саундтректерінің қоспасы:
- Bermuda Triangle – Zico, Crush & Dean
- Why So Lonely – Wonder Girls
- EXO – Monster
- Blackpink – Whistle
- BTS – Blood Sweat & Tears
Деректері бойынша: https://www.soompi.com/, https://blog.inspiremekorea.com, https://charactermedia.com.
Азианың караоке-рекордт тары туралы айта отырып, филиппиндік My Way killings-ті қалайша еске түсірмей кетеміз – “My Way-ден кейінгі кісі өлтіру”. 6-дан астам кісі өлтіру (көптеген төбелестерді санамағанда) 2007 жылдан бері “My Way”орындау кезінде орын алған. Бір қызығы, бірінші құрбанды караоке-бар күзетшісі өлтірген. Фрэнк Синатраның аты аңызға айналған әні қазіргі уақытта караоке-бардардан алынып, компанияларда ән айтуға тыйым салынған.
Бар әлем
Бүкіл әлемде танымал деп толық сеніммен айтуға болмайды. Әрбір елде ана тілінде ән салатын және одан тыс жерлерде белгісіз орындаушылар бар. Сонымен қатар өз жерінде өте танымал. Мысалы, поляк “After Party” тобын кім біледі? Алайда, Полшада бұл өте танымал орындаушылар.
АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия – жалпы халқы 460 млн астам және тиісінше бірыңғай мәдени және музыкалық кеңістікті құрайтын ірі ағылшын тілді елдер. Бұл жерлерде ағылшын тілі – ана тілі музыканттарға танымал болу салыстырмалы түрде оңай.
Қалғандары үшін әлемдік даңқ – өте ұзақ және қиын жол. Сондықтан рейтинг туралы айтатын болсақ, біз бірінші кезекте ағылшын тілді орындаушылар туралы айтамыз.
Әлемдік Top5 караоке-хиттер қандай? Біздің ғаламшарымыздың караоке-клубтарында қай әнді жиі айтады? Әрине, ұлы Майкл Джексон әндерін.
Әлемде нөмірі 1 – Billie Jean.
Әлемдегі ең танымал караоке әндерінің бестігінің соңы:
- Perfect – Ed Sheeran
- Bohemian Rhapsody – Queen
- Despacito – Luis Fonsi ft. Daddy Yankee
- Sweet Caroline – Neil Diamond
Деректері бойынша: https://www.timeout.com, https://topmusicgears.com, http://mentalfloss.com және https://www.karafun.com
Top5 кірмеген, бірақ караокеде айтылып кеткен Фрэнк Сиатраның өлмес “My Way”, Prince-тің “Purple Rain”, Мадоннаның “Like a Prayer”және Backstreet Boys-тің “I Want It That Way” әндері тұрақты орындалады.
Барлық рейтингтер салыстырмалы және сізде, әрине, сүйікті әндеріңіздің басқа ештеңеге алмастырмайтын жеке топтамаңыз бар. Ал егер өз топтамаңызды әлі толықтырмаған болсаңыз, EvoClub электронды каталогтарындағы барлық Evolution ән базасы сіздің иелігіңізде. Студиялық сапада ондаған мың заңды композициялар сіздің оларды әндетуіңізді күтеді!







